23 желтоқсанда Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятованың төрағалығымен Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінде Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты мен Павлодар облысы Нотариаттық палатасының нотариусының қатысуымен "Әділет кеңес береді" акциясы ұйымдастырылды.
Осы акция шеңберінде Ардагерлер адвокатура және нотариат саласындағы жаңалықтар туралы білді, сондай-ақ олар сұрақтар қойды, оларға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде білікті заң көмегін көрсетілді.
Айта кету керек, мұндай акциялар Әділет департаментімен тұрақты негізде өткізіледі, онда азаматтар Әділет департаментінің қызметкерлеріне, адвокаттарға, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей қояды.