Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 1-тармағына сәйкес атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам және қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді қолдану сот орындаушысы міндеті болып табылады.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысының 4-2 тармағына сәйкес сот санкция беру туралы мәселенішеше отырып, шығуды уақытша шектеу үшін негіздердің бар-жоғын, сот орындаушысының Заңның 32-бабында көзделген әрекеттерді орындаған-орындамағанын анықтауға тиіс. Көрсетілген мән-жайлар дәлелденген кезде сот санкция береді.

Шығуды уақытша шектеулер Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген негіздерде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін, яғни Республикадан тыс жерде емдеу жүргізудің қажеттілігіне байланысты.

Республикадан тыс жерде емдеу жүргізудің қажеттілігі адамға тек республикадан тыс жерде білікті медициналық көмек көрсетілуі мүмкін екендігін білдіреді және осы мән-жай тиісті медициналық құжаттармен расталуы тиіс.