Мүлікті тәркілеу

Мүлікті тәркілеу

Павлодар облысы Әділет депаратментінің Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінде 2021 жылдың басынан мүлікті тәркілеу туралы 157 атқарушылық іс-жүргізулері қарастыруда болған. Оның ішінде, 67 әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу туралы, 92 қылмыстық істер бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық іс-жүргізулері.

Мемлекеттік сот орындаушысымен сот актілерінің негізінде қозғалған жоғарыда көрсетілген санаттағы атқарушылық іс-жүргізулері бойынша сот актілерінде көрсетілген мүліктерді анықтап, оларды мемлекет пайдасына өндіруге бағытталған жұмыстар атқарылуда, соның ішінде жою арқылы.

Жылдың басынан жоғары санаттағы сот актілерінің 96-ның талаптары толық көлемде орындалды.

Мысалы, Павлодар қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының 22.12.2020 жылғы қаулысының талабын орындау мақсатында Департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы А.А.Амировамен 238 бөтелке әр-түрлі алкогольдік өнімдері құқық бұзушыдан алынып, ҚР ҚМ Мемелкеттік мүлік және жекешелендіру Департаментіне тапсырылды.