1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні – 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні мерекесіне орай Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы М.И. Имятова және Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен онлайн жиналыс өтті. Жиналыс барысында басшы Әділет департаментінің ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтап, бейбітшілік, жұмыста жаңа еңбек жетістіктер мен Республикамыздың одан әрі өркендеуіне тілек білдірді.