Павлодар облысының Әділет департаменті 2021 жылғы 24 қарашада ZOOM бағдарламасы арқылы Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының, Павлодар қалалық сотының, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Павлодар облысының адвокаттар алқасының, сондай-ақ заң консультанттары Палаталарының қатысуымен "Тиісті өкілеттіктері жоқ тұлғалардың сот процестеріне заңсыз қатысуының алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін заң консультанттарының сот процестеріне қатысуына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, заң консультанттарының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның талаптарын сақтауы бойынша ұсынымдар енгізілді.