«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

            3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

            5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

            6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы;

            8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

              9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

Бастап

Дейін

С-О-4*

263596

343820

С-О-5**

195895

255514

            **Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 6-деңгейіне жатады.

**Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 5-деңгейіне жатады.

Ескертпе: Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі 18, анықтама үшін телефоны: 8(7182) 32-62-70, 32-81-67, электрондық мекен-жайы: kadry.pavlodar@adilet.gov.kz  (ең көп рұқсат етілетін файлдың өлшемі 30 мб), «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды:

*1. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, (№ 2-3-1 индексі); *Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 6-деңгейіне жатады.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылықты қамтамасыз ету, бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдердің қызметін бақылау, сот актілерін орындау бойынша жұмыстарды жетілдіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдердің қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастыру, бөлімнің құқық қорғау органдарымен, соттармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру, сот актілерін орындау мәселелері бойынша қорыту және талдау, мемлекеттік сот орындаушыларының қолданыстағы заңнаманың жеке нормаларын сақтауын және олардың міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, мемлекеттік сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесін қорыту, атқарушылық іс жүргізуді тексеруді ұйымдастыру, мемлекеттік сот орындаушыларымен жүргізілетін атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру, жоспарлы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, статистикалық есептілікті жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік сот орындаушыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу. мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныстар енгізу, тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу, жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорыту, мемлекеттік, жеке сот орындаушыларының жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру, атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізу, жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпарат жинау. атқарушылық іс жүргізу саласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің блог-тұғырнамасына түсетін мәселелерге мониторинг жүргізу. Орындау құжаттарының қозғалысын және орындау мерзімдерін бақылауды заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзбауын бақылау, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға қатысу туралы өтініштерді қарастыру. Мемлекеттік жеке сот орындаушыларының жұмысына ай сайын талдау жүргізу. Басшылықтың қарауына мемлекеттік, жеке сот орындаушыларының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, соттарда Әділет министрлігінің және департаменттің мүдделерін білдіру, алимент және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау щеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталған мемлекттік бюджеттен қаражат төлеуге ұсынылған құжаттарынның негізділігін тексеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: (юриспруденция, халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі).

Кәсіби біліктілігі: Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары. Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

**2. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, (№ 2-3-6 индексі); **Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысына сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 5-деңгейіне жатады.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сот орындаушыларымен қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтауына және олармен міндеттерін тиісінше орындауына бақылау жүргізу, мемлекеттік сот орындаушыларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, мемлекеттік сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесіне жалпылама талдау жүргізу, атқарушылық өндірістерге тексеріс жүргізу,  мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзбауын бақылау, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға қатысу туралы өтініштерді қарастыру, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне түскен өтініштерін қарау, жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізу, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен жасалатын атқарушылық әрекеттердің заңдылығына және іс жүргізу ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асыру, жоспарлы іс-шараларды орындау, статистикалық есептілікті жүргізу, мемлекеттік сот орындаушыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу, алимент және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау щеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталған мемлекттік бюджеттен қаражат төлеуге ұсынылған құжаттарынның негізділігін тексеру, соттарда Әділет министрлігінің және департаменттің мүдделерін білдіру, номенклатуралық істерді жүргізу және оларды мұрағатқа тапсыру, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныстар енгізу, тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: (юриспруденция, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).

Кәсіби біліктілігі: Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары. Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: «Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18 үй.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

                                                                      

                                                                        Өтініш

 

            Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"____"_______________ 20__ ж.

 

   Приложение 3

                                                                                               к Правилам проведения конкурса

                                                                                                на занятие административной

                                                                                     государственной должности корпуса «Б»

 

                                      Форма

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

 КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 

                       ____________________________________________                      

                                   тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии)

__________________________________________________________                                 

                                       лауазымы/должность, санаты/ категория

                                          (болған жағдайда/при наличии)

                                                                                                                     

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного

заведения

 

5.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми

дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6.

Шет тiлдерiн білуі/

Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/ Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/ Дата

Қызметі, жұмыс орны мекеменің орналасқан жері/ должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

 

                  ______________________________

күні/дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады