Контрафакт

Контрафакт

Контрафактілі автобөлшектер-сипаттамалары мен сапасы бойынша дайындаушы зауыттың мәлімделген талаптарына сәйкес келмейтін қосалқы бөлшектер болып табылады. Мұндай қосалқы бөлшектер автомобильге және оның негізгі механизмдеріне үлкен зиян келтіруі мүмкін. Контрафактілі қосалқы бөлшектерді пайдалану-төмен сынамалы қосалқы бөлшектері бар автокөлікпен қозғалатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Халықтың құқықтық сауаттылығы мақсатында Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі "Ақ жол", "Ақ барс" автоорталықтары, сондай-ақ Павлодар қаласының автобөлшектерін сату нүктелері үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді.