Заң консультанттары палаталары тарапынан заңнаманы бұзушылықтар анықталды

Заң консультанттары палаталары тарапынан заңнаманы бұзушылықтар анықталды

Әділет органдары халыққа құқықтық көмек көрсету саласындағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі негізде талдау жүргізеді.

Мәселен, 2021 жылғы 09 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел бұзғаны үшін Әділет министрлігінің «Қазақстанның кәсіби заңгерлері» заң консультанттары палатасын заң консультанттары палаталарының тізілімінен (бұдан әрі – тізілім) шығару туралы талапарызын қанағаттандырды(сот шешімі заңды күшіне енбеді).

Сот азамат С. өтелмеген және алынбаған соттылығы бар екендігін және Палата мүшесі болмай, бірінші және екінші сатыдағы соттарда 34 азаматтық іс бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін палата ұсынған тізілімнен үзінді көшірме негізінде заң консультанты ретінде заңсыз қатысқанын анықтады.

Сондай-ақ, сот жоғары заңгерлік білім алғанын растайтын құжатсыз палата мүшелігіне заңсыз қабылданғанын анықтады.

Сонымен қатар, 2019 жылы Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан облыстық сотының атына Арыс қаласының заң консультанттары палатасының мүшелеріне сотқа тапсырма бойынша өкіл ретінде жібермеу туралы хат жолдады.

Бұл ретте Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты тізілімге енгізілмегендіктен, 2021 жылы палата мүшелерінің сотқа заңсыз қатысу фактісі анықталған.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркелген заң консультанттары палаталарының қызметіне талдау жасап, тізілімде тіркелмеген 27 палатаны анықтады(тізілім қоса тіркелген).

Заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Жоғарғы Соттың атына тиісті ақпарат жолданды.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің ықтимал бұзылуын болдырмау үшін Министрліктің сайтында жоспарланатын немесе құқықтық көмек көрсету туралы шарт жасалған не жоспарланатын  тұлғаларды тексеру қажеттілігі мен мүмкіндігіне назар аударамыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/213351?lang=ru

Осындай бұзушылықтар анықталған жағдайда Әділет министрлігіне немесе аумақтық әділет департаменттеріне жүгінуге кеңес береміз.

Заң консультанттары палаталарының қызметі тізілімде

тіркелмеген палаталарының тізімі. 

  1. «A-lawyers»заң консультанттары палатасы (190740034432) ;
  2. «Adil-Zan» заң консультанттары Палатасы (190140023207);
  3. «Forum» заң консультанттары палатасы( 190740001406) ;
  4. «GrandLawyers» заң консультанттары палатасы ( 191040002243);
  5. «KazakhstanZan»заң консультанттары палатасы (190940033888);
  6. «NZP» заң консультанттары палатасы(191240021910);
  7. «ProfLegalCommunity» заң консультанттары палатасы (190540016526);
  8. «Spacecom» заң консультанттары палатасы (190740017472);
  9. «VPRAVE QAZAQSTAN» заң консультанттары палатасы190740023000);
  10. «YUR OTAN» заң консультанттары палатасы( 181040022934);
  11. «Zanger GROUP» заң консультанттары палатасы (190840013483);
  12. "Оңалту және банкроттық саласындағы "АРЛАН" заң консультанттары палатасы (170640024755);
  13. "ЖОЛБАРЫС" заң консультанттары палатасы (190740001674);
  14. "ЗАКОН и Согласие" заң консультанттары палатасы ( 191140007129);
  15. "Консул First 2019" заң консультанттары палатасы (190940004448);
  16. "Көк Орда" заң консультанттары палатасы (190440040505);
  17. "Қорғау" заң консультанттарының қауымдастығы" заң консультанттары палатасы (190640026001);
  18. "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УӘКІЛЕТТІ ЗАҢГЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ" Заң кеңесшілері Палатасы (200240004734);
  19. "ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҒЫ" заң консультанттары палатасы (190640004129);
  20. "Астана қаласы Бірінші заң консультанттары палатасы" заң консультанттары палатасы (181240023023);
  21. "Республикалық заң консультанттары палатасы" Заң консультанттары палатасы(190440005266);
  22. "Технология и право"заң консультанттары палатасы (190940000049);
  23. "Тұрғынүйзаңы" заң консультанттары палатасы (190840000685);
  24. Түркістаноблысының "Әділет" заң консультанттары палатасы (191040015949);
  25. "ӘділеттіЗаң" заң консультанттары палатасы (190640005277);
  26. Арыс қаласының  заңкеңесшілерінің палатасы (190840004751);
  27. «Заң консультанттарының кәсіптік палатасы» (160940025594)