Семинар

Семинар

Павлодар облысы Әділет департаменті ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Павлодар облысы адвокаттар алқасының адвокаттары үшін адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді.

Осылайша, Ережеде адвокаттың "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі арқылы оның қызметтерін өтеу үшін Әділет департаментіне өз бетінше өтініш жіберуі, сондай-ақ Әділет департаментінің адвокатқа төленуге тиісті соманы адвокаттың банктік шотына аударуы көзделеді.

Өзара іс-қимылдың бұл тетігі қағаздағы құжат айналымын және артық әкімшілік кедергілерді жояды, адвокаттардың уақыты мен қаражатын едәуір үнемдейді, сондай-ақ адвокаттар алқасын адвокаттардың өтініштерін тексеруден, оларды одан әрі Әділет департаментіне жіберуден және адвокаттарға сомаларды аударуды жүзеге асырудан босатады.