Мемлекеттік сот орындаушыларымен сот үкімдері бойынша айыппұл өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулері бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы ақпарат

Мемлекеттік сот орындаушыларымен сот үкімдері бойынша айыппұл өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулері бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы ақпарат

2021 жылдың басынан Павлодар облысы Әділет Депаратментінің Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушыларыныңөндірістерінде сот үкімдері бойынша айыппұл өндіру туралы барлық сомасы 10 393 529 теңге өндіру туралы 6 атқарушылық іс жүргізулері қарастыруда болған.

Атқару барысында Бөлімніңмемлекеттік сот орындаушыларымен барлық  сомасы10 099 589 теңгені құрайтын 3 атқарушылық іс жүргізулері атқару құжатының талаптары толық орындалуына байланысты қысқартылған, 2 атқарушылық іс жүргізуі жаза қоғамдық жұмыстарыайыппұл түріндегі жазасына ауыстырылғанына байланысты қысқартылған, 1 атқарушылық іс жүргізуі борышкерге рақымшылық қолданылуына байланысты қықартылған.

Мысалы, мемлекеттік сот орындаушысы А.Манкиеваның өндірісінде Ю.Н.Валиевадан сот үкімі бойынша 87 510 теңге айыппұлын өндіру туралы атқарушылық іс жүргізуі қарастыруда болған. Атқару барысында сот орындаушысы сотқа борышкерге қатысты жаза түрін ауыстыру туралы ұсынысын жолдаған. Павлодар қаласының №2 сотының 07.07.2021 жылғы қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, Ю.Н.Валиеваға айыппұл түріндегі жазасы 30 сағат қоғамдық жұмыстары жазасына ауыстырылған. Сот актісі заңды күшіне енгеннен соң атқарушылық іс жүргізуі қысқартылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік сот орындаушысы А.Ашжановтың өндірісінде А.С.Сегизбаевтан сот үкімі бойынша 118 920 теңге айыппұлын өндіру туралы атқарушылық іс жүргізуі қарастыруда болған. Атқару барысында борышкер сотқа оған қатысты рақымшылық қолдану туралы ұсыныс жолдаған. Павлодар қаласының №2 сотының 06.09.2021 жылғы қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»ҚР 13.12.2016 жылғы Заңының негізінде А.С.Сегизбаев айыппұл түріндегі жазаны өтеуден босатылған. Сот актісі заңды күшіне енгеннен соң атқарушылық іс жүргізуі қысқартылған.