Мемлекеттік сот орындаушыларымен әлеуметтік маңызды санаттағы істер бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы ақпараты

Мемлекеттік сот орындаушыларымен әлеуметтік маңызды санаттағы істер бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы ақпараты

Павлодар облысы Әділет Депаратментінің мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысында әлеуметтік маңызды санаттағы істерді (алимент өндіру, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өндіру, зиянды өтеу) орындау басымдықты міндет болып табылады.

2021 жылдың басынан Депаратментінің Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушыларыныңөндірістерінде әлеуметтік маңызды санаттағы барлығы 5 млн. теңгеден астам сома өндіру туралы 32 атқарушылық іс жүргізулері қарастыруда болған. Оның ішінде, алимент өндіру туралы 23 құжат, зиянды өтеу туралы 2 млн. теңгеден астам 4 құжат, жалақы өндіру туралы 3 млн. теңгеден астам өндіру утралы 5 құжат болған.

Мемлекеттік сот орындаушыларымен атқарылған атқарушылық іс-шаралар нәтижесінде алимент өндіру туралы 3 құжат бала кәмелетке толуына байланысты қысқартылған, 4 құжат өтініш негізінде қайтарылған, 2 құжат бойынша борышкерлер іздеуге жарияланған, қалған 16 атқарушылық құжаттар бойынша өндіру борышкерлердің жалақысынан ай сайын өндіруге жолданған. Зиянды өтеу және жалақы өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулері толық орындалуына байланысты қысқартылған, өндіріп алушыларға 5 млн. теңгеден астам сома өндірілген.

Әлеуметтік маңызды санатты атқарушылық іс жүргізулері бірінші кезекте орындалады.