Павлодар облысы Әділет Депаратментінің Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының өндірісінде Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14.09.2017 жылғы «Айсана» ЖК А.Ж.Кабылбековтан мемлекет пайдасына 2 960 407 теңге келтірілген залал, 88 812 теңге мемлекеттік баж салығы, барлығы 3 049 219 теңге өндіру туралы атқару құжаты негізінде 23.04.2018 жылы қозғалған атқарушылық іс-жүргізуі қарастырылуда.
Мемлекеттік сот орындаушысы А.Манкиевамен сот актісін орындау қажеттілігі туралы борышкер бірнеше рет хабарланған және орындамау салдары бойынша ескертілген. Сот актісін белгіленген мерзімде орындалмауына байланысты сот орындаушысымен мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданған. 03.09.2021 жылы сот орындаушысы борышкердің мекен-жайына барып, борышкерге тиесілі 2008 жылы шығарылған TOYOTA AVENSIS маркалы автокөлігін анықтап тыйым салған. Автокөлік бағалау және сату кезеңінде.
08.09.2021 жылы сот орындаушысымен А.Ж.Кабылбековке ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы толтырылып қарастыру үшін сотқа жолданған. Павлодар қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен А.Ж.Кабылбеков ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабының 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сот орындаушысымен борышкерге сот актісінің талаптарын орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 430 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғаны жайлы ескерту тапсырылды.