Сот орындаушыларының полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралары

Сот орындаушыларының полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралары

Сот орындаушыларының қызметінде әлеуметтік маңызды санаттағы атқарушылық іс-жүргізулері (алимент және мемлекет пайдасына берешек өндіру) бойынша өндіру басымды бағыт болып табылады.

2021 жылдың 3 қыркүйегінде Павлодар облысы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен Павлодар облысы полиция Департаментімен бірлесе отыра Павлодар қаласында проблемалық атқарушылық іс-жүргізулері бойынша бірлескен рейдтік іс-шараларын іске асырды. Сот орындаушылары полиция қызметкерлерімен бірге берешектері бар борышкерлердің мекен-жайларына шығып, автокөліктерді анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізді. Сот актілерін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтің нәтижесінде 6 автокөлік анықталды, әкімшілік жауапқа 3 борышкер тартылды, мемлекет пайдасына 3 млн. теңгеден астам сома өндірілді.

Сот орындаушыларының полиция қызметкерлерімен және басқа мемлекеттік органдарымен бірлескен іс-шаралары бұл – сот актілерін орындау мақсатында мемлекеттік механизмді күрделі қолдану болып табылады.

Осындай іс-шалар әрқашанда жүргізіліп тұратыны ескере кету керек.