Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар

Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша семинар

2021 жылғы 04 тамызында Zoom бағдарламасы арқылы Павлодар облысының Әділет департаментімен  Павлодар облысының азаматтық  хал актілерін тіркеу саласындағы жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің қатысуымен (бұдан әрі  -АХАТ) семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңесінің барысында АХАТ органдарында ағымдағы жылдың 7 ай ішінде жұмыс нәтижелері, осы салада туындаған проблемалық мәселелер туралы қаралды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау туралы, АХАТ ақпараттық жүйесіне деректерді дұрыс енгізбеуді жою туралы, семинардары (тағылымдамалары)  тәжірибеден өту қажеттілігі туралы мәселелер, АХАТ бөлімінің жаңадан жұмысқа алынған мамандарының алдын алу бойынша құқықтық түсіндірме шараларын жүргізу бойынша халық арасындағы шаралар туралы ұсыныстары мен уақтылы ерлі - зайыптылар мен ата - аналардың міндеттері, «Жас отбасылар клубының» тәжірибесін жалғастыру туралы бағытталған және нығайтылған мәселелері талқыланды.

Семинар-кеңесінің нәтижесінде қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді және әрі қарай тиімді өзара әрекеттесуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.