Ашық есік күні

Ашық есік күні

Павлодар облысының Әділет департаменті 2021 жылғы 30 шілдеде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының, Павлодар облысының адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Нотариаттық палатасының және Заң консультанттары палатасының өкілдерінің қатысуымен "Ашық есік күні" науқанын өткізді.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аталған іс-шараны Әділет департаменті ашық ауада өткізді.

Іс-шара барысында барлық ниет білдірушілер сапалы заңгерлік кеңес, сондай-ақ мәселелі сұрақтарды шешуде құқықтық көмек алды.