Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот актілерін орындау сатысында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері жөніндегі Меморандум

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот актілерін орындау сатысында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері жөніндегі Меморандум

Бүгін Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятовна Имятова, Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәди Асқарұлы Рысбеков, Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Дәурен Бақтиярұлы Исабеков және "МИР "өңіраралық Медиация орталығы" жеке мекемесінің директоры Салтанат Төлеутайқызы Қайдарова арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану болып табылады.

Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу Қазақстан Республикасында әкімшілік әділет саласын дамыту міндеттерін орындауға бағытталған, тараптар дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану тәжірибесін кеңейтуге, атқарушылық іс жүргізу сатысында жанжалдарды төмендетуге ұмтылысын білдіреді.