Үш "алиментші" әкімшілік қамауға алынды

Үш "алиментші" әкімшілік қамауға алынды

Ағымдағы аптада Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар облысының соттарына өз балаларын асырау жөніндегі міндеттерінен барынша жалтарған үш әкеге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жолданды.

Борышкерлердің аттарына тіркелген мүлік болмады, ресми түрде жұмысқа орналаспаған, балаларына материалдық жағынан көмектесуге асықпады, осылайша 5 млн.теңгеден астам қарыз жиналған.

Соттың қаулысымен барлық үш әке 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Әділет департаментімен әлеуметтік маңызы бар істер бойынша борышкерлерден берешектерді өндіріп алу бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.