ПАВЛОДАРДА: ЕКІ ӘКЕДЕН 6 831 154 ТЕҢГЕ АЛИМЕНТ БОЙЫНША ҚАРЫЗ ӨНДІРІЛДІ

Борышкер Б.Ж.С. 4 жыл ішінде өзінің 3 (үш) кәмелетке толмаған балаларына 4 587 313 теңге көлемінде алимент берешегі болған.
Б.Ж.С. борышкердің банктік шоттарында ақша қаражаты болмаған, сондай-ақ борышкер жұмысқа орналаспаған, зейнетақы аударымдары болмаған.
Жеке сот орындаушысы Т.Н. Ғаббасовтың мәжбүрлеп орындау барысында борышкерге тұрғын үй түріндегі жылжымайтын мүлік тіркелгені анықталды.
Т.Н. Ғаббасовтың алименттер бойынша берешекті өтеу қажеттілігі туралы барлық талаптары борышкермен ескерілмеді.
Өз кезегінде, жеке сот орындаушысы жылжымайтын мүлікті сату бойынша шаралар қабылдау барысында борышкер қарызды толық көлемде өтеген.
Екінші борышкер М.М.Ю. 2 жыл ішінде өзінің 2 (екі) баласына 2 243 841 теңге қарыз болған.
Ол да өзінің жеке үйін сатпау үшін қарызды толық көлемде төледі.