"Е-Заң көмегі" тақырыбына дөңгелек үстел

"Е-Заң көмегі" тақырыбына дөңгелек үстел

Қылмыстық процесті сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жүргізетін органдардың электрондық форматта адвокат ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету шеңберінде 2021 жылғы 09 маусымда Павлодар облысының Әділет департаменті құқық қорғау органдарының өкілдері мен адвокаттардың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізді.

"Дөңгелек үстел" барысында «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі мен "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүзеге асыру шеңберінде адвокаттарды тағайындау мәселелері талқыланды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, Әділет департаменті осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізетін болады.