«Контрафакт» республикалық акциясы. Конкурс өткізу шарттары

«Контрафакт» республикалық акциясы. Конкурс өткізу шарттары

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында онлайн формата "Контрафакт"республикалық акциясын өткізеді.

Акция аясында жүргізіледі:

1) 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында 10-15 жас аралығындағы балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік суретке арналған республикалық конкурс. Жеңімпаз құнды сыйлық – қуатты планшетті күтеді!

2) 14 және одан жоғары жас санатында 2021 жылғы 12 мамырдан бастап 30 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына үздік слоганға арналған республикалық конкурс. Жеңімпаз құнды сыйлық – қуатты планшетті күтеді!

Сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Байқауларға қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін департаменттің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне – 328364, WhatsApp 87087653600,

 

 

«БЕКІТЕМІН»

_____________ А. Ахметова

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі

2021 жылғы «___» мамыр

 

 

 «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік сурет байқауы туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпыережелер
  2. Осы ереже «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік суретті анықтау үшін балалар арасында байқау өткізудің шарттары мен тәртібін анықтайды.
  3. БайқауҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігімен 2021 жылғы 12мамырдан 25мамырғадейінөткізіледі.

 

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Байқау үздік суретті анықтау мақсатында өткізіледі.

2.2. Міндеттері:

- контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күресті насихаттау және танымал ету;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын республиканың қоғамдық маңызды аспектілеріне тарту;

- балалар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

 

  1. Байқаудың қатысушылары

3.1. Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары байқауға қатысушылар болып табылады.

3.2. Байқау 10-нан 15 жасқа дейінгі жас санатында өткізіледі (10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 15 жасқа дейін).

 

 

 

 

  1. Байқауды өткізу шарттары

4.1. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 12 мамырдан 25 мамырға дейін Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әділет департаменттерімен жүзеге асырылады.

4.2. Байқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерімен екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде. Әділет департаменттері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша әрбір жас санатындағы бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздардыіріктеубойыншақорытындыкезең 2021 жылғы 31 мамырда өткізіледі. байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

4.3. Байқаукомиссияныңқұрамынамемлекеттікоргандардың (Әділетмині, АҚДМ, МСМ, ІІМ, Қаржымині) өкілдеріжәнежұртшылықөкілдерікіреді.

 

  1. Байқау жұмысының талаптары

5.1. Қатысушылар суреттерді қағаз және/немесе электрондық түрде (фотосурет) № 1 қосымшаға сәйкес мекенжайларға (электрондық мекенжайларға) ұсынады.

5.2. Қатысушылар байқаулық жұмысты тұрғылықты жері бойынша (облыстық, қалалық) Әділет департаментіне ұсынуы тиіс.

5.3. Байқаулық жұмыс мыналардан тұрады:

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, байқауға қатысуға өтінімдер (№2 қосымша);

- сурет.

5.4. Байқаулық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс.

5.5. Байқаулықық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

5.6. Байқауға қатысу тегін негізде ұсынылады. Әрбір қатысушы байқауға 1-ден артық емес жұмыс ұсына алады.

5.7. КомиссияменБайқау шарттарына сәйкес келмейтін байқаулық жұмыстар қаралмайды. Байқауға қатысу және оның қорытындылары бойынша апелляциялар қабылданбайды.

 

  1. Үздік жұмысты анықтау бойынша

байқаудың бағалау критерийлері

6.1. Үздік жұмысты іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;

- жаңалығы мен өзектілігі;

- мазмұндылығы;

- заттардың дұрыс композициялық орналасуы, заттардың көлемін және түстірдің үйлесімділігінің шешімін беру.

 

  1. Авторлық құқық

7.1. Байқауға қатысуға байқаулық жұмысты жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде туындаған мәселелерді дербес және өз есебінен реттейді.

7.2. Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде Байқауды ұйымдастырушыларына авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде эфирге, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау, одан әрі тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару жолымен ұсынылған байқаулық жұмысты пайда табусыз пайдалануға құқық береді.

7.3. Байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (Байқауға қатысушы хабарлаған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де дербес деректер) өңдеуге келісімін береді.

7.4. Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

 

  1. Байқаудың қорытындысын шығару

8.1. Байқау қорытындыларын байқаулық комиссия шығарады, оның құрамы облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Әділет департаменті басшысының бұйрығымен, орталық аппаратта Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

8.2. Байқаулық комиссия материалдарды критерийлерге сәйкестігін қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.

8.3. Жеңімпаздар планшеттермен марапатталады. Жеңімпаздар ұйымдастырушымен 2021 жылдың 3 маусымында жарияланады

«БЕКІТЕМІН»

_____________ А. Ахметова

Қазақстан Республикасының

Әділет Вице-министрі

2021 жылғы «___»мамыр

 

 

«Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұран

байқауытуралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осыереже«Контрафактқа жол жоқ» тақырыбындағыүздікұрандыанықтауүшіназаматтарарасындабайқауөткізудіңшарттарыментәртібінанықтайды.
  3. БайқауҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігімен 2021 жылғы 12мамырдан30мамырғадейінөткізіледі.

 

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Конкурс «Контрафакт» Республикалық акциясында пайдалану үшін ұранды әзірлеу мақсатында, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында халықтың хабардарлығын арттыру, қоғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында өткізіледі

2.2. Міндеттері:

- контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күресті насихаттау және танымал ету;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын республиканың қоғамдық маңызды аспектілеріне тарту;

- азаматтар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу;

- контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

-ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.

 

  1. Байқаудың қатысушылары

3.1. Жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары байқауға қатысушылар болып табылады.

3.2. Конкурс 14 және одан жоғары жас санатында өткізіледі.

 

  1. Байқауды өткізу шарттары

 

4.1. Байқауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2021 жылдың 12-30 мамыр аралығында Instagram әлеуметтік желісінің алаңындақатысушының жеке профилінде (account) ұранды орналастыру арқылы өткізеді.

4.2. Конкурсқа қатысудың міндетті шарттары:

  -  қатысушының Instagram профилі ашық екеніне көз жеткізу;

  - @adiletgovkz парақшасына жазылу;

  - Instagram желісінде «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына ұран орналастыру;

  Түсініктеме орналастыру #КонтрафактқаЖолЖокКонкурс, @adiletgovkz

4.3 Конкурсқа өтінім сипаттамада конкурсты ұйымдастырушының атауы мен ұранды 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында белгіленген тәртіппен орналастырылған кезде берілген болып есептеледі.

4.4. Байқау комиссиясы үздік ұранды таңдайды. Байқаулық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың (Әділетмині, АҚДМ, МСМ, ІІМ, Қаржымині) өкілдері және жұртшылық өкілдері кіреді.

 

  1. Байқау жұмысының талаптары

5.1. Конкурстық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс.

5.2. Байқаулықық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

5.3. Комиссиямен Байқау шарттарына сәйкес келмейтін байқаулық жұмыстар қаралмайды. Байқауға қатысу және оның қорытындылары бойынша апелляциялар қабылданбайды.

 

  1. Үздік жұмысты анықтау бойынша байқаудың бағалау критерийлері

6.1. Үздік жұмысты іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;

- жаңалығы мен өзектілігі;

- мазмұндылығы және ерекшелігі;

- үйлесімділігі;

 

  1. Авторлық құқық

7.1. Байқауға қатысуға байқаулық жұмысты жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар тарапынан наразылықтар туындаған кезде туындаған мәселелерді дербес және өз есебінен реттейді.

  • Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде Байқауды ұйымдастырушыларына авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде эфирге, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау, одан әрі тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аудару жолымен ұсынылған байқаулық жұмысты пайда табусыз пайдалануға құқық береді.Байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (Байқауға қатысушы хабарлаған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де дербес деректер) өңдеуге келісімін береді.
  • Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

 

  1. Байқаудың қорытындысын шығару

8.1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын критерийлерге сәйкестігін айқындап, жеңімпазды анықтайды.

8.2.Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың 3 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің @adiletgov профилінде хабарланады. Жеңімпаз планшетпен марапатталады.