Азаматтарды онлайн қабылдау өткізілді

Азаматтарды онлайн қабылдау өткізілді

Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі А. Айнабеков ағымдағы жылғы 06 мамырында азаматтарды онлайн қабылдады.
 
Қабылдау барысында азаматтар мұрагерлік құқығына кіру, отбасылық қатынастар фактісін анықтау мәселелері, сондай-ақ Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын сақтауы саласындағы өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялар алды.

Сонымен қатар, әділет органдарының құзыретіне қатысты мәселелер туындаған жағдайда Сіз 8 708 466 63 82 телефон нөмірі бойынша Әділет департаментінің WhatsApp мессенджеріне хабарласа аласыз.