Павлодар облысында қасақана алимент төлемейтіндерге қарсы күрес аяқталмауда.
Сонымен, Шарбақты ауданының тұрғыны өз баласын күтіп бағу міндеттері туралы ұмытып 1 млн. теңге көлемінде қарыз жинақтаған.
Жеке сот орындаушы Н.Н. Утельбаевтың барлық талаптары борышкермен 2 жыл бойы еленбеді.
Борышкердің атына қандай да бір мүлік тіркелмеген, ресми түрде еңбек қатынастарында тұрмаған. Алайда, жеке сот орындаушы борышкердің аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде 6 жылға жуық ресми түрде емес жұмыс істегенін және бұл фактіні өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысынан жасырғанын анықтады.
Осыған байланысты, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сотқа ұсыным жолданды.
Шарбақты аудандық сотының қаулысымен борышкер 1 тәулікке қамауға алынды.
Алайда, осыған қарамастан, борышкер баланы күтіп бағу қажеттілігін одан әрі елемеді.
Борышкердің өз баласының тағдырына толығымен немқұрайлы қарайтындығын ескере отырып, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды және жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 (жүз) сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектетілді.