Тереңкөл ауданындағы «Ашық есік» күні

Тереңкөл ауданындағы «Ашық есік» күні

2021 жылдың 08 сәуірінде «Адал Көмек» жобасы аясында Тереңкөл ауданаралық әділет басқармасының басшысы Павлодар облысы нотариаттық палатаның нотариусы және Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаттың қатысуымен Песчан ауылдық округінің тұрғындарымен жергілікті жерде кеңес өткізілді. Сонымен қатар бейнеконференция режимінде облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты азаматтарға кеңес беру және заң көмегін көрсету болды.

Іс-шара барысында азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұрагерлік құқығын алу тәртібі, алименттерді өндіру мәселелері және басқа сұрақтар көтерді. Сондай-ақ, жұмыс туралы растайтын құжаттар болмаған кезде еңбек өтілін растау бойынша көмек және кеңестер берілді.

Азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен ұсыныстар берілді.