2021 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша Әділет департаментінің қызметі туралы есеп

2021 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша Әділет департаментінің қызметі туралы есеп

Павлодар облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – әділет департаменті) және ауданаралық әділет басқармалары (бұдан әрі-әділет басқармалары) мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді:

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

- заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

- заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;

- жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу);

- жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру;

- заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару;

- нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру;

- адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;

- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу;

- Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау;

- Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

- тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу.

Әділет Департаменті, ауданаралық Әділет басқармалары 2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 1 145 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: қағаз түрінде – 1 132 (Әділет департаменті – 851, ауданаралық әділет басқармалары – 281).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны 83 құрайды, оның ішінде: қағаз түрінде – 83 (Әділет департаменті – 71, ауданаралық әділет басқармалары – 12).

Әділет департаментімен және әділет басқармаларымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық қызметті насихаттау бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

Осыған байланысты, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында есепті кезеңде Әділет департаменті 27 іс-шара, ауданаралық әділет басқармалары 39 іс-шара өткізді.

Аумақтық әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы деректер Әділет департаментінің ресми веб-сайтында орналастырылған.

БАҚ-та Call-орталықтар мен Сенім телефондары туралы ақпаратты өзектендіру мақсатында Әділет департаменті инстаграм парақшасында: pvl.adilet.gov.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің байланыстары орналастырылды (сенім телефоны – 208506).

Сондай – ақ, электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтары туралы ақпарат жарияланды, сондай-ақ Әділет департаментінің ғимаратында Қазақстан Электрондық үкіметінің "Еgov" ресми сайтына шығумен жабдықталған фронт-офис кабинеті жұмыс істейтіні туралы бейне ролик орналастырылды.

Сонымен қатар, Әділет департаментінің Instagram парақшасында "DigitalAgent"мобильді қосымшасының мақсаты мен қолданылуы туралы пост орналастырылған.

Халық (көрсетілетін қызметті алушылар) арасында оларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетілетін ақпаратты жариялау мақсатында Әділет департаментінің стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті қағидалары орналастырылған.