Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Павлодар облысы Әділет департаментінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2021 жылғы 31 наурызда Әділет департаменті басшылығының шақыруымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А. Балғожинмен Әділет департаменті қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі өз сөзінде заңнамаға енгізілген жаңалықтарды және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да этикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалары айтылды.

Өз сөзінің соңында А.А. Балғожинмен тиісті тақырыптағы 2 бейнеролик көрсетілді.