Сотталғандарға құқықтық көмек

Сотталғандарға құқықтық көмек

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері а.ж. 30 наурызында Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А. М. Ахметовтың, сондай-ақ Павлодар облысы Нотариаттық палатасының нотариусы Д.С. Асанованың қатысуымен бейнеконференция форматында АП-162/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесу өткізілді.

Өткізілген іс-шара барысында сотталғандарға рақымшылық жасау, атқару парағын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу және т. б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.