«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары»

Әділет департаменті мемлекеттік қызмет көрсететін орган ретінде мемлекеттік қызмет алу кезінде әкімшілік кедергілерді зерттеу бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.

         Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің артықшылықтарын көрсете отырып, оларды электрондық форматта танымал ету арқылы халықпен кері байланыс орнату үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алатын адамдарға сауалнама жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы әрекет етеді, оның мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

         Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тұтас жүйесін көздейді.

         Жүйе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді, заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтын жолын анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.

         Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде Павлодар облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

         Көрсетілген жоспарға сәйкес, Павлодар облысы Әділет департаменті тоқсан сайынғы негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, ал жартыжылдық қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, онда Әділет департаментінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенеді.

         Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізіледі, құқықтық статистика органдарымен үнемі салыстыру іс-шаралары жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы Әділет департаментінің интернет-ресурсында арнайы бөлімнің жұмыс істеуі, ведомствоның әлеуметтік желілерін жүргізу және толықтыру қамтамасыз етілді, онда әрбір қызығушылық танытқан азамат Павлодар облысы Әділет департаменті қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын көре алады.

         Сенім телефоны жұмыс істейді: 32-67-04, заңсыз іс-әрекеттер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзған жағдайда әрбір азамат бөлімше қызметкерлеріне шағыммен жүгіне алады.

         Сондай-ақ, бөлімше қызметкерлері Әдеп кодексінің нормаларын бұзған жағдайда әрбір азамат Әдеп жөніндегі уәкілге – Әділет департаменті басшысының орынбасары А. А. Айнабековке телефон арқылы хабарласа алады 8/7182/32-22-90 немесе қабылдауға жазылу мүмкін.