Қайырымдылық көмек

Павлодар облысының Әділет департаменті және Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, сондай-ақ Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 18 наурызда үш аз қамтылған және көп балалы отбасына азық-түлік себеттері түрінде қайырымдылық көмек ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Әділет департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың наурыз айында мүмкіндігі шектеулі, екі баланы тәрбиелеп отырған отбасына материалдық көмек көрсетті.
Мұндай іс-шаралар оқшауланған жағдайлар емес және тұрақты болып табылады.