«Қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаларды қайта тіркеу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

«Қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаларды қайта тіркеу» тақырыбы бойынша  семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасының маманы Д.Б.Бушумбаевамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының​ Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу Ақсу қаласының бөлімінің қызметкерлерімен «Қатысушылар құрамының өзгеруіне​ байланысты заңды тұлғаларды қайта тіркеу» тақырыбы бойынша онлайн форматта семинар өткізілді.

Іс-шара мақсаты – заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді қайта тіркеу тәртібін түсіндіру.

Сонымен қатар, қатысушылармен мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы