Аймақтағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру

Аймақтағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру

2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімі Павлодар облысының Атамекен ҰКП-мен бірлесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде Zoom платформасы арқылы аймақ кәсіпкерлеріне арналған «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттар. Тауар белгілерін тіркеу тәртібі және олардың қолданылу мерзімдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты - аймақ кәсіпкерлеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атап айтқанда зияткерлік меншікті тіркеу, зияткерлік меншікті заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық білім беру.

Семинар барысында іс-шараға қатысушылардан зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге, оларды қорғау және қорғау әдістеріне қатысты сұрақтар қойды.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.