Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу туралы.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу туралы.

Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасымен 2021 жылдың 19 ақпанында Ақсу қаласы сотының, Ақсу қаласының ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне «Электрондық үкімет» және «электрондық лицензия»порталы арқылы электронды форматта қызметтерді алу тәсілдері, сонымен қатар популяризация электрондық мемлекеттік қызметі» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылармен байланысуды шектеуде «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде ХҚКО-на бармай-ақ алу тәсілдері туралы қатысушыларға түсіндірілді.
Онлайн-семинар соңында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрғындар арасында кеңес беру жұмыстарын жүргізу бойынша жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы