Көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл!

Салық Зиманұлы Зиманов — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері.
Салық Зиманов еліміздің егемендігіне қосқан үлесі оте зор. Қазақстанның тәуелсіздігіне даңғыл жол салып берген басты қадам 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы еді. Оның жобасын дайындаған депутаттық комиссияның басшысы болған Салық Зиманұлы Зиманов.
Зиманов Салық Зиманұлы 1921 жылы 19 ақпанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау қ.) дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1946-1948 жылдары әскери қызметтен кейін Қазақ КСР прокуратурасында маңызды істер бойынша тергеуші болып жұмыс істеді.
1948 жылы Бүкілодақтық сырттай заң институтының Алматы филиалын бітірген.
Зиманов Салық 1990–95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитет төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісіне, т. б. белсене араласты. Ол 1992–93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде де ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қалды. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін Зимановтың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық - білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.
Зиманов Салық - 10 томдық "Қазақтың ата заңдары" энциклопедиясына ғылыми жетекшілік жасады. Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығы (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығы (2002) лауреаты, "Парасат" орденімен (2002), екі рет Отан соғысы медальдарымен марапатталған.
Зиманов Салық Зиманұлы – отандық заң ғылымының атасы деп саналады.