Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімімен мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс-жүргізулері бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы

Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімімен мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс-жүргізулері бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі туралы

Павлодар облысы Әділет Депаратментінің Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласы аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушылары облыстық және қалалық прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс-жүргізулері бойынша 2021 жылдың басынан борышкерлердің мүліктерін анықтауға және сол мүліктерге өндіріп алу қолдану жұмыстары жүргізілуде.

Сот орындаушыларымен сот актілерінің талаптарын орындау үшін, борышкерлердің анықталған мүліктерін алдағы уақытта электрондық сауда арқылы сату мақсатында, сол мүліктерді бағалау іс шаралары қолданылуда.

Көрсетілген категориялы атқарушылық іс-жүргізулері бойынша борышкерлердің 21 жылжымайтын, 10 жылжымалы мүліктері анықталды. 6 мүлік бағаланды, 20 мүлік бағалау барысында, 5 мүлік сатуға шығарылды.

Бірлескен іс-шаралар барысында мемлекеттің пайдасына 35 млн. теңгеден аса берешек өндірілді.

Мысалы, прокуратура қызметкерлерінің бірлескен шаралары нәтижесінде мемлекетке 17 244 152 теңге берешегі бар «К» Шаруа қожалығының басшысы болып табылатын борышкер М.Б.К. тиесілі ауыл шаруашылық малдары, яғни 96 бас ірі мүйізді мал, 207 кіші мүйізді мал, 1 жылқы анықталды. Сот орындаушысымен мүлікке тез арада тыйым салынып, әрі қарай сату мақсатында мүлікті алу шарасын қолдану шешімі қабылданды. Сот орындаушысының қолданған мәжбүрлеп орындау шараларының нәтижесінде борышкер М.Б.К. қарызды толық көлемде төлеген. Сонымен қатар, борышкер мемлекет пайдасына өндірілген сомадан 10%-ды құрайтын атқару санкциясын (1 724 415 теңге) өз еркімен төлеген.

Орындаудан жалтарып жүрген қалған борышкерлердің мүліктері сот орындаушыларымен бағаланып, сатуға шығарылатын болады.

Әділет және прокуратура органдарының осы бағыттағы бірлескен жұмыстары жалғасуда.