Мемлекеттік тілдегі талап қою арыздарының саны талқыланды

Мемлекеттік тілдегі талап қою арыздарының саны талқыланды


Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік сатып алуға қатысты азаматтық істер бойынша мемлекеттік тілде берілетін талап қою арыздарының санын арттыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Даниел Татаев, Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев, Павлодар облыстық сотының судьясы Айнаш Машрап және сот жүйесінің, мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік тілде талап қою арыздарын әзірлеу, сот ісін жүргізуде қазақ тілін кеңінен қолдану және мемлекеттік органдар қызметіндегі мемлекеттік тілдің рөлі сөз болды.

Қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі талап қою арыздарының үлесін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.