ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШКЕРЛЕР ҚАРЫЗДАРЫН ӨТЕУ ЕСЕБІНЕН ПӘТЕРЛЕРІНЕН АЙЫРЫЛДЫ!

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШКЕРЛЕР ҚАРЫЗДАРЫН ӨТЕУ ЕСЕБІНЕН ПӘТЕРЛЕРІНЕН АЙЫРЫЛДЫ!

Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерден берешектерді өндіріп алу бойынша жұмысты жалғастырып отыр.

Атап айтқанда, жеке сот орындаушысы Т. Н.Ғаббасов алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шеңберінде екі борышкер өздеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті пәтер түрінде өз бетінше сатты, ал түскен шамамен 7 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат берешектерді өтеу есебіне бағытталды.

Борышкерлердің бірі 2013 жылдан бастап бұрынғы жұбайының пайдасына кәмелетке толмаған екі баланы күтіп-бағуға 5 691 127 теңге мөлшерінде алимент берешегі болған.

Тыйым салынған мүлікке бағалау жүргізілгеннен кейін борышкер жеке сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде Павлодар қаласында 5 бөлмелі пәтер түрінде тыйым салынған мүлік өз еркімен өткізілді.

Екінші Борышкер 2018 жылдан бері баласына шамамен 1 200 000 теңге қарыз.

Сондай-ақ, тыйым салынған мүлікке бағалау жүргізілгеннен кейін борышкер жеке сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде Павлодар қаласындағы 2 бөлмелі пәтерде 1/4 үлесін өз еркімен сатты.