«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

2026 жылғы 17 маусымда Павлодар облысы Әділет департаменті Трамвай басқармасымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына тегін заң көмегін көрсету.

Акцияға Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Ерлан Қалымов, нотариус Ирина Клименко, адвокаттар Ербол Қалымжан мен Абай Ахметов, сондай-ақ Сот сараптамалары институтының өкілі Нұргүл Қабышева қатысты.

Шара барысында мамандар азаматтардың мүлікті рәсімдеу, мұрагерлік құқық және алимент өндіру мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.