
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Заң мен тәртіп жобасы аясында “Заң-тәртіп пен әділеттіліктің негізі” атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанғазы Е.Ж ,Павлодар облысы Әділет департаментінің «Павлодар ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының басшысы,аға сот орындаушысы Байзакова А.С, Ә.Марғұлан университетінің доценті, филалогия ғылымдарының кандидаты Әміренов Ә.Д, Павлодар көркемсурет колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кожаниязова И.У сөз сөйлеп, музей қызметкері Мизан Жұмәлі әсем әнін тарту етті. Сонымен қатар көрмеде Павлодар көркемсурет колледжі студенттерінің шығармашылық туындылары да көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға «Қазақ аналары -дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің апалары,Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің сарбаздары және Павлодар көркемсурет колледжінің студенттері қатысты.