Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Галина Владимировна Окатенко, 1967 жылы 24 қарашада, Курск облысы, Золотухин ауданы, Шумск ауылында туған.
Галина Владимировна еңбек жолын 1987 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің Әділет бөлімінің Екібастұз қалалық халықтық сотының сот орындаушысы ретінде бастады. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеттің Павлодар облыстық департаментінің Екібастұз аумақтық учаскесінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2001-2008 жылдары Павлодар облыстық Сот әкімшісінің Екібастұз аумақтық учаскесінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2008-2010 жылдары Павлодар облыстық Сот әкімшісінің Екібастұз аумақтық бөлімінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2010-2014 жылдары Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің Екібастұз аумақтық бөлімінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2014-2020 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті «Екібастұз аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы ретінде қызмет етті. 2020- 2024 жылдары Павлодар облысы Әділет департаментінің «Сот актілерін орындау жөніндегі Екібастұз қаласының ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы ретінде қызмет етті.
2024 жылдың ақпанынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының Әділет департаменті «Екібастұз қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы лауазымын атқаруда.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 38 жыл, оның ішінде әділет органдарындағы жұмыс өтілі - 28 жылды құрайды.
Г.В. Окатенко өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
Өзінің тәжірибелік қызметінде сот актілерімен жұмыс жасап, қызметтік іс-әрекетпен жетілдіреді, өзімен жұмыс істей біледі, әрдайым өзінің шеберлігін көтеру мақсатында жұмыстар атқарады. Өзінің қызметтік саласында сауатты әрі жұмысты дұрыс ұйымдастырып, нақты білетін жауапкершілікпен жұмыс жасағанын көрсете білді. Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында әділет органдарын дамытуға елеулі үлес қосуда.