Павлодар облысында мемлекеттік органдардың Павлодар облысының мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы шеңберінде, Әділет департаментімен және Павлодар облысының полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 669, ӘҚБтК 139, 430-баптары бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша алгоритмдеріне қол қойылды.
Қол қойылған алгоритмдер шеңберінде, алимент төлеу туралы сот актісінің талаптарын орындамауына байланысты берешек шамамен 1,9 млн. теңгені құрады, Павлодар облысы атқару аймағының жеке сот орындаушысы Б.Б. Абзелеевтің ұсынысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен борышкер 2 (екі) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Алайда, әкімшілік жаза оң нәтиже бермеді, осыған байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен борышкер ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғысына 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.