
Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері зияткерлік меншік мәселелері бойынша семинар өткізді
Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері Павлодар мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар-дәріс өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, авторлық құқық объектілерін, патенттік құқықты, тауар белгілерін құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді.
Білім беру және ғылыми қызметте авторлық құқықтарды сақтау, зияткерлік еңбек нәтижелерін тіркеу және осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зияткерлік меншікті құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және инновациялық қызметті дамытуға ықпал етеді.
Семинар соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алып, зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.