
2026 жылғы 24 сәуірде Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледж студенттері үшін Павлодар облысының заң консультанттары палатасы заң консультанты Алимбек Тулегенович Агимбаев «Жаңа Конституция жағдайында жауапты азаматтықтың негізі ретінде жастардың құқықтық мәдениеті» тақырыбында бірыңғай сынып сағатында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының жастарға бағытталған негізгі баптарының нормаларымен, өскелең ұрпақтың өмірінің нақты даму қырларына қатысты маңызды ұғымдармен танысты. Сонымен қатар, цифрландыру дәуірі мен жаһандық өзгерістер жағдайында қоғам өмірінің шынайы талаптарына байланысты енгізілген жаңашылдықтар кеңінен түсіндірілді.