«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

28 сәуірде Павлодар облысы Әділет департаментінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында департамент қызметкерлері, сондай-ақ адвокат Ирина Хомякова-Голова және заң консультанты Алла Гарник азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауаптар берді. Қатысушыларға заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәселелер бойынша тиісті консультациялар ұсынылды.

Акцияның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету.