Профилактикалық әңгімелесу

Профилактикалық әңгімелесу

Әдеп жөніндегі уәкіл А.М. Саменкулов “Екібастұз қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімі” филиалының қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларын түсіндіруге , заңнама талаптарын сақтауға және кәсіби қызметте бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Әңгімелесу барысында лауазымдық міндеттерді адал атқару, азаматтармен дұрыс өзара іс-қимыл жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, әріптестер арасындағы сыйластық және сындарлы қарым-қатынастарды қолдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.