Павлодар облысының Әділет департаментімен лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді

Павлодар облысының Әділет департаментімен лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді

2026 жылғы 15 сәуірде Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Санекулов А.М.-ның төрағалығымен ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығына аттестаттау өткізілді.

Аумақтық аттестаттау комиссиясының шешімімен маманға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы екі жыл мерзімге беріледі.

Аталған аттестаттауға Павлодар облысының 8 ауданынан (Ақтоғай, Железин, Ертіс,Шарбақты аудандары, сондай-ақ Павлодар және Екібастұз қалалары) 17 лауазымды тұлға қатысты.

Аттестаттау қорытындысы бойынша 16 лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы берілді.