Буллингтің, лудоманияның алдын алу

Буллингтің, лудоманияның алдын алу

Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Асем Рахманберген қаламыздағы №12 мектеп оқушыларына «Буллингтің, лудоманияның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты — мектеп оқушылары арасында буллингтің, ойынқұмарлықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.