
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Павлодар облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Саменкулов мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтармен тиісті оқыту жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша, сондай-ақ қатысушылар мекеменің ішкі тәртібімен және ұжымдық мәдениетпен таныстырылды.