Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Азаматтарды қабылдау орталығының алаңында облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізді.
Іс-шара облыс әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары және сот сарапшылары азаматтарға құқықтық кеңес берді.

Қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қажетті түсіндірмелер алды.