ЖаңаКонституцияның негізгі ережелері мен қағидалары кеңінен талқыланды

ЖаңаКонституцияның негізгі ережелері мен қағидалары кеңінен талқыланды

Ағымдағы жылғы 04 наурызда Павлодар облысы Әділет департаментінің Екібастұз ауданаралық бөлімінің маманы Әсел Белгішева Екібастұз қалалық коалициясының мүшелерімен бірлесіп, Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясын түсіндіру аясында Мансап орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен қағидалары кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасын талқылау үдерісіне азаматтық қоғам өкілдері белсенді қатысқанын атап өтті. Азаматтар түрлі институттар мен цифрлық платформалар арқылы өз ұсыныстарын жолдап, жоғары белсенділік танытты.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 8 қазанда Парламент реформасы бойынша Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына танымал заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар фракцияларының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың мүшелері енді.

Жаңа Конституция жобасы азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар ұсынған пікірлер мен ұсыныстарды жан-жақты талдау, ашық қоғамдық талқылаулар өткізу және жаңа нормалар мен ережелерді мұқият әзірлеу нәтижесінде дайындалды.