
Политехникалық колледжде «Тура жол» жобасы аясында жастар арасындағы құқықтық мәселелер және тәуелділіктің алдын алу тақырыбында кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында тәуелді мінез-құлықтың алдын алу.
Студенттер алдында сөз сөйлегендер:
* Мажитов Рустем Қанатұлы — Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы.
* Джамалиденова Карлыгаш Кушимовна — адвокат.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар мен жастардың құқықтық жауапкершілігі, құқықбұзушылықтың салдары, сондай-ақ әртүрлі тәуелділік түрлеріне байланысты қауіп-қатерлер туралы өзекті мәселелер талқыланды.