
«Заң және тәртіп» медиажоспары аясында Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінде дәріс өтті. Іс-шараны Павлодар облысы Әділет департаменті «Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» мемлекеттік аға сот орындаушысы Л. Жакенова жүргізді.
Кездесу барысында жастарға интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Дәріс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.